Accessibility links

Египетте толқулар күшейіп, қоғамдық орындар жабылды


Бүгін Мысырда мектептер мен банк, қаржы құрылымдары жабылды. Елде президент Хосни Мүбәрәктың биліктен кетуін талап еткен шерулер жалғасып отыр.

Хабарларға қарағанда, полиция мен шерушілер арасындағы қақтығыстан 100-ден аса адам қаза тауып, бір мыңдай кісі жарақат алған. Полиция күштері болмай, талап-тонаушылық әрекеттері кең етек алған. Тұрғындардың біразы өз мүліктерін қорғау үшін, бірлескен топтар құрған.

Мүбәрәк билігі жариялаған комменданттық сағат тәртібіне қарамастан, шерушілер өткен түнді көшеде өткізді. Мысыр президенті сенбі күні өзінің барлау қызметінің басшысы болған Омар Сулейманды орынбасары ретінде тағайындады.
XS
SM
MD
LG