Accessibility links

Тунистің исламшыл жетекшісі Ғаннучи 20 жылдан кейін елге оралды


Жексенбі күні Тунистің Ислам қозғалысының жетекшісі Рашид Ғаннучи 20 жылдан кейін елге қайтты.

Лондонда бас сауғалап келген Ғаннучи қаңтар айының басындағы төңкерісте президент Зин Әбидин бен Али биліктен құлатылған соң еліне оралып отыр. 69 жастағы Ғаннучи Бен Али билігі кезінде елден кетуге мәжбүр болған. Оның исламшыл қозғалысына Бен Али режимі тұсында тыйым салынған.

Енді Ғаннучи өзінің қозғалысын Түркияның биліктегі Әділет және даму партиясымен салыстырып, Тунистің жаңа саяси жүйесіне қатысудан үміткер болып отыр. Ол өзінің қозғалысы демократиялық әділ сайлауларға қатыса алатынын айтты.
XS
SM
MD
LG