Accessibility links

Беларусь билігі шеруде қамалғандарды босата бастады


Беларусь билігі жеті бірдей оппозиция өкілін қамаудан шығарды. Оның ішінде желтоқсан айында президент сайлауынан кейінгі наразылық шаралары кезінде қамалған президенттіктен үміткер Владимир Некляев та бар.

Минск мұндай қадамдарға Еуропа Одағы өзіне қарсы виза шектеуін енгізбек болып жатқанын хабарлаған соң барып отыр.

Еуро Одақ елдері Беларусь билігінің шерушілерді күшпен басып тастағанына жауап ретінде президент Лукашенко мен тағы басқа ресми өкілдердің Еуропаға кіруіне шектеу енгізуді қарастырмақ.

АҚШ та Беларусь режимінің қудалауына қарсы санкциялар қарастыратынын айтып, Минскіні қамаудағы тұтқындарды босатуға шақырған.
XS
SM
MD
LG