Accessibility links

Астанада Қысқы Азия ойындары басталды


Қазақстанда қаңтардың 30-ы мен ақпанның 6-сы аралығында өтетін Жетінші Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты Астанада болып жатыр. Ол шара мемлекеттік телеарналардан тікелей көрсетілуде.

Ашылу салтанатына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, оның қырғыз әріптесі Роза Отынбаева және Иордания, Біріккен Араб Әмірлігі, Түркиядан келген лауазымды қонақтар, халықаралық спорттық ұйымдар өкілдері қатысты.

Азия ойындары Астана мен Алматыда спорттың 11 түрінен өтеді. Ол сайыстардың қатарында мәнерлеп сырғанау, ерлер мен әйелдер хоккейі, шаңғы және коньки жарысы, шорт-трек, шаңғымен секіру, биатлон, допты хоккей бар.

Бүгін басталатын Қысқы Азия ойындарына 27 елден келген 1100 спортшы қатысады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG