Accessibility links

Египетте президент Мүбәрәкқа қарсы наразылық шеруі жалғасып жатыр


Ел астанасы Каир және басқа қалаларда президент Хосни Мүбәрәктің отставкаға кетуін талап еткен жүздеген адам дүйсенбіге қараған түнді көшеде өткізді.

Президент Мүбәрәк жексенбі күні Египеттің жаңа премьер-министр Ахмед Шафикке оппозициямен келіссөздер өткізуді тапсырды. Мемлекеттік телеарна арқылы көрсетілген халыққа үндеуінде Мүбәрәк жаңа үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі – жұмыссыздықты ауыздықтау екенін атап өтті.

МАГАТЭ халықаралық ұйымының бұрынғы жетекшісі, Нобель сыйлығының иегері Мохаммед Әл-Барадей оппозиция атынан билікпен келіссөздер өткізуге өкілеттігі барын мәлімдеді.

Жексенбі күні Каир көшесінде мыңдаған шерушінің алдында сөйлеген сөзінде Әл-Барадей президент Мүбәрәкті дереу қызметінен кетуге шақырып, елде ауыспалы кезең үкіметін құру және әділ әрі еркін сайлау өткізу қажеттігін айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG