Accessibility links

Еуропа Одағы Беларусь басшылығына қарсы санкциялар қабылдайды


Бүгін Брюссельде басталатын Еуропа Одағы елдері сыртқы істер министрлерінің отырысында Беларусь президенті Александр Лукашенко мен сол елдің өзге де бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларына Еуропа Одағы аумағына келуге тыйым салу туралы мәселе талқыланады.

Еурокомиссияның арнайы өкілі Майя Коцьянчичтің «Азат Еуропа/Азаттық» радиосына хабарлауынша, мұндай тыйым салынатын адамдардың тізімі ұлғайтылуы мүмкін.

Еуропа Одағы бұндай қадамға Беларусь билігі былтыр желтоқсанда өткен президент сайлауынан кейін елдегі оппозиция белсенділеріне қарсы қысымды күшейткен соң барғалы отыр.

Еуропа Одағы 2006 жылы Беларусьтың Лукашенко бастаған 40-қы жуық лауазымды шенеуніктеріне виза беруге тыйым салған, алайда екі жылдан соң ол шешім күшін жойған еді.
XS
SM
MD
LG