Accessibility links

Каирде зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екендігі хабарланды


Қазақстан сыртқы істер министрлігі Египет астанасындағы оқиғаларда қаза тапқан және жараланғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екендігін айтып отыр.

«Адын ала мәліметтер бойынша, Каирде зардап шеккендер арасында біздің азаматтарымыз жоқ», – деген хабарлаған дүйсенбі күні Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов «Новости-Қазақстан» агенттігіне.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Египетте қаңтардың 25-сінен бері жалғасып жатқан толқулар мен тәртіпсіздіктер барысында 150-ден астам қаза тауып, бірнеше мың адам жараланған.

Наразылық шеруіне шыққан мыңдаған адам елді 30 жыл бойы басқарып отырған президент Хосни Мүбәрәктің отставкаға кетуін талап етіп жатыр.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG