Accessibility links

Конституциялық Кеңес: референдум туралы өзгертулер Ата заңға сәйкес емес


Бүгін Астанада Қазақстан Конституциялық кеңесі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін республикалық референдум арқылы ұзарту туралы өзгерістерді Конституцияға енгізу Негізгі заңның ережелері мен нормаларына сәйкес келмейді деген ұйғарымын жария етті.

«Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заң Конституцияның 2-ші бөлімінің 1-ші тармағына үйлеспейді және Конституцияға сәйкес емес», – деп мәлімдеді Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов.

Қаңтардың 14-і күні Қазақстан парламентінің қос палатасы бірлескен сессия өткізіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілетін саяси сайлаусыз ұзартып отыруға негіз болатын өзгерістерді Конституцияға енгізуді қолдап бірауыздан дауыс берді.

Назарбаев парламенттің бұл шешімі Конституцияға сай келер-келмесін анықтауды сұрап, қаңтардың 17-сі күні заңды Конституциялық кеңеске жолдаған.
XS
SM
MD
LG