Accessibility links

Назарбаев мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді ұсынды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді ұсынды. Бұл туралы Назарбаев дүйсенбі күні теледидардан тікелей эфир арқылы берген мәлімдемесінде айтты.

"Жұртшылықты бөлетін референдум әлде сайлау таңдаудың орнына мен халқымыздың еркімен демократиялық қағидаларды ескеретін және бізді біріктіретін жолды ұсынғым келеді. Мен өкілеттігімнің екі жылға қысқаратынына қарамастан мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс енгіземін", - деді Назарбаев.

Оның алдында Конституциялық кеңес Назарбаевтың өкілетін республикалық референдум арқылы ұзарту туралы өзгерістерді Конституцияға енгізу Ата заңның ережелері мен нормаларына сәйкес келмейді деген ұйғарымын жария еткен болатын. Өзінің өкілетін 2020 жылға дейін ұзартуды көздейтін референдум өткізу ұсынысынан бас тартқан Назарбаев Конституциялық кеңестің шешімімен келісетінін атап көрсетті.

Кезекті президент сайлауы 2012 жылы өтуі тиіс болатын.

AzattyqTV

Екінші Елизавета

91 жастағы патшайым

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG