Accessibility links

Судандағы шеруде жараланған студент көз жұмды


Судандағы үкіметке қарсы шерулерде соққыға жығылған студент ауруханада көз жұмды. Белсенділердің айтуынша, Мохамед Абделрахман дүйсенбіге қараған түні қайтыс болған.

Тунис пен Египеттегі шерулерден жігерленген судандық жастар жексенбі күні Хартум мен елдің басқа да қалаларында наразылық шарасын өткізген болатын. Шерушілер елді 20 жылдан астам уақыттан бері басқарып келе жатқан президент Омар Хассан әл-Башарға қарсы ұрандар айтты.

Судан президентіне Дарфурда геноцид пен соғыс қылмыстарын жасады деген айыптар тағылған.
XS
SM
MD
LG