Accessibility links

Египет шерушілері сейсенбі күні жаппай ереуіл өткізбек


Оппозиция сейсенбі күні бүкіл ел бойынша жаппай ереуіл жариялауға және ел астанасы Каирде «миллиондар шеруін» өткізуге үндеу тастады.

Армия халыққа қарсы оқ атпайтынын мәлімдеді, бірақ шерушілерді ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге бармауға шақырды.

Египеттің жаңадан тағайындалған вице-президенті Омар Сулейман президент Хосни Мүбәрәктің тапсырмасына сәйкес, биліктің оппозициямен келіссөздер бастайтынын мәлімдеді. Бірақ елде 30 жыл бойы мемлекет басқарып отырған президент Хосни Мүбәрәктің биліктен кетуін талап еткен шерулер бір аптадан бері әлі жалғасып жатыр.

Дүйсенбі күні Хосни Мүбәрәк үкіметте өзгерістер жасады. Египеттегі жағдайға байланысты ел басшылығымен келіссөздер өткізу үшін Каирге АҚШ-тың осы елдегі бұрынғы елшісі Фрэнк Виснер келген.

Бір аптаға созылған толқулар мен тәртіпсіздіктер барысында 100-ден астам кісі қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG