Accessibility links

Атақты актриса Хадиша Бөкеева өмірден өтті


Дүйсенбі күні белгілі өнер қайраткері Хадиша Бөкеева 93 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Шымкент облыстық Қазақ драма театрында, Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында ұзақ жылдар еңбек еткен Хадиша Бөкееваға 1957 жылы Қазақ ССР Халық әртісі, 1964 жылы ССРО Халық әртісі атағы берілді.

Алматыдағы өнер институтында шәкірт тәрбиелеген танымал актриса 1974 жылы профессор атанды. Қазақстан өнеріне қосқан үлесі үшін Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
XS
SM
MD
LG