Accessibility links

Чех Мирослав Беранек Қазақстан футбол құрамасының бас бапкерлігіне тағайындалды


Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып чех маманы, 53 жастағы Мирослав Беранек тағайындалды.

Чехияның «Спартак» (Пелгржимов), «Шкода» (Плзень) және «Славия» (Прага) командаларында ойнаған Беранек әуелі «Гмюнд», кейін «Славия», «Кладно», «Хмель» клубтарының ойыншыларын жаттықтырған. Ол баптаған Чехияның жастар командасы футболдан Еуропаның чемпионы атанды, қола және күміс жүлдені иемденді.

Мирослав Беранек Венгрияның «Дебрецен», Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Васл» клубтарында бапкерлік қызмет атқарды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG