Accessibility links

Ресей Борис Ельциннің 80 жылдығын атап өтіп жатыр


Бүгін Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельциннің туғанына 80 жыл толды. Ресейде оны еске алуға арналған бірқатар шаралар өтіп жатыр. Елдің қазіргі президенті Дмитрий Медведев бүгін Борис Ельциннің туған жеріне – Екатеринбург қаласына барып, Ресейдің тұңғыш президентіне орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатыспақшы.

1991 жылы маусымда Ресей президенті болып сайланған Борис Ельцин 1999 жылы желтоқсанның 31-і күні отставкаға кететінін мәлімдеп, өз өкілетін сол кездегі Ресей премьер-министрі Владимир Путинге тапсырды.

Борис Ельцин 2007 жылы сәуірде 76 жасында жүрек дертінен дүние салды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG