Accessibility links

Әл-Барадей: Египет президенті кетуі тиіс


Каирдің Тахрир алаңына жүздеген мың шеруші жиналды. Оппозиция президент Хосни Мүбәрәкке қарсы "миллиондар" шеруін өткізуге шақырған болатын.

Оппозиция жетекшісі әрі Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Мохамед әл-Барадей Мүбәрәкті қантөгістің алдын алу үшін жұмаға дейін елден кетуге шақырды. "Әл-Арабия" телеарнасына берген сұхбатында Әл-Барадей Мүбәрәктан кейінгі жағдайды талқылау үшін жан-жақты диалог өткізу керек деп атап көрсетті.

Египетте сегіз күннен бері наразылық шаралары жалғасып жатыр. Александрияда да жаппай ереуіл өтеді деп жоспарланған.

Кей хабарларға қарағанда, Мүбәрәкті қолдаушылар да шеру өткізіп, арада қақтығыстар болуы мүмкін.

АҚШ қаржыландыратын Alhurra телеарнасының тілшісі Тарек әл-Шами былай деп хабарлайды.

"Өткен түні президент Хосни Мүбәрәкті қолдаушы жүздеген адам Каирдің әр жерінде жиналды. Кейбір адамдардың айтуынша, олардың қолдарында пышақтар мен басқа да құралдар бар. Олар Тахрир алаңындағы президентке қарсы негізгі шеруге барып, қақтығыс бастауы мүмкін", - деді әл-Шами.

Дүйсенбі күні Египет армиясы халықтың құқын мойындап, шерушілерге қарсы оқ атпайтынын мәлімдеді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG