Accessibility links

Президент Мүбәрәк күзге дейін биліктен кетпейтінін мәлімдеді


Египет президенті Хосни Мүбәрәк сейсенбі күні кешке мемлекеттік телеарнадан халыққа үндеу жолдап, биылғы қыркүйекке жоспарланған президенттік сайлауға өзінің түспейтіндігін мәлімдеді.

Сонымен бірге ол қазіргі өкілеті біткенше қызметінде қалатындығын және елден ешқайда кетпейтіндігін атап айтты. Мүбәрәк өзі тағайындаған жаңа үкімет оппозициямен диалог өткізетіндігін мәлімдеді.

Алайда Каирдың орталық алаңында жиналған ондаған мың шеруші президент Мүбәрәктің биліктен дереу кетуін талап етіп тұр. Сейсенбі күні бұл жерде билікке қарсы наразылық акциясына жүздеген мың адам жиналды.

Мүбәрәктің сейсенбі күнгі үндеуіне пікір білдірген АҚШ президенті Барак Обама Египет билігі демократиялық өзгерістер мен еркін сайлауларға дайындыққа дереу кірісуі қажет деп мәлімдеді.

Египетте президент Мүбәрәкқа қарсы наразылық шерулері өткен аптаның басынан бері жалғасып жатыр. БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Нави Пиллэйдің мәлімдеуінше, содан бері елде 300-ге жуық адам қаза тапқан болуы мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG