Accessibility links

Бағдат Әміреев Қазақстанның Ирандағы елшісі болып тағайындалды


Қазақстан президентінің жарлығымен Бағдат Құлтайұлы Әміреев Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ақпарат сейсенбі күні Қазақстан президентінің ресми сайтында жарияланды.

1959 жылы туған Бағдат Әміреев бұған дейін Сауд Арабиясында, Египетте, ал 2008 жылдың ортасынан 2010 жылдың қазан айына дейін Түркияда Қазақстан Республикасының елшісі қызметтерін атқарды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG