Accessibility links

Қазақстанның 139 азаматы Каирден Алматыға жеткізілді


Өткен түні Египет астанасынан Қазақстанның 139 азаматы (араларында 34 бала бар) Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдастырған арнайы ұшақпен Алматыға жеткізілді деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Экипажға қоса екі дәрігер және төрт құтқарушы мінген ұшақ сейсенбі күні күндіз Каирге қонып, Қазақстан азаматтарын алып, сол күні кешке Алматыға ұшып шыққан.

Египеттегі Қазақстан елшілігінің дерегі бойынша, ондағы консулдық есебінде Қазақстанның 185 азаматы тіркеуде тұр. Египеттегі оқиғаларда Қазақстан азаматтарының зардап шеккені туралы ешқандай ақпарат түспеген.

БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Нави Пиллэйдің мәлімдеуінше, Египетте бір аптадан бері жалғасып жатқан жаппай толқулар салдарынан 300-ге жуық адам қаза тапқан болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG