Accessibility links

Парламент мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы заң қабылдады


Бүгін Қазақстан парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында депутаттар Конституцияға мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу жөнінде өзгеріс енгізетін заң жобасын бірауыздан қолдап дауыс берді.

Жаңадан қабылданған заң Конституцияға Қазақстан президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу және ондай сайлауды тағайындау үшін ел президентіне қосымша өкілеттіктер беру туралы өзгертулер енгізуді көздейді.

Қазақстан президентін мерзімінен бұрын сайлауға қатысты қолданыстағы заңға өзгертулер жайлы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын парламент сейсенбі күні қабылдап алған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG