Accessibility links

Карзай Үндістанға аттанды


Ауғанстан президенті Хамид Карзай Үндістанға екікүндік сапарын бастады. Карзай Үндістанның премьер-министрімен және басқа да ресми өкілдерімен экономикалық ынтымақтастық жөнінде келіссөз өткізеді. Сонымен қатар Карзай Нью Делиде экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуға қатысты конференцияда сөз сөйлейді.

Үндістан Ауғанстанның инфрақұрылымына көлемді инвестиция бөліп, қайта құру жобаларына көмектесіп келеді. Карзай Үндістаннан кейін Германияға барып, Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына қатысады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG