Accessibility links

Пан Ги Мун: бейбіт шерушілерге күш қолдануға болмайды


Лондонда сапармен жүрген БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Египеттегі дағдарысқа қатысты мәлімдеме жасап, тараптарды ұстамдылыққа шақырды.

Пан Ги Мун бейбіт шерушілерге қарсы күш қолдануға қарсылығын білдірді. Ол жүйе бейбіт жағдайда ауысуы керек деді.

Шерушілер елді 30 жыл басқарған президент Мүбәрәктің тезарада биліктен кетуін талап етуде.

Каирдің Тахрир алаңында 9-шы күнге жалғасып жатқан үкіметке қарсы шеруде президент Хосни Мүбәрәкты қолдаушылар мен оның биліктен кетуін талап етушілер қақтығысып, 40 адам жараланды.

Ел оппозициясы президент Мүбәрәктің саяси реформалар жасауға берген уәдесіне сенбейтіндерін айтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG