Accessibility links

Шетелдік донорлар Беларусь оппозициясына 120 миллион доллар жәрдем бөледі


Беларусь оппозициясына 36 елден 120 миллион доллардың жәрдемі берілмекші. Бұл туралы сәрсенбі күні Варшавада өткен конференцияда Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорски мәлімдеді.

Конференция былтыр желтоқсан айында Беларусьте өткен президент сайлауынан кейін биліктің қатты қысымына тап болған беларусь оппозициясына қаржы жинау үшін өткізілді.

Еуропалық комиссия Беларусь еліндегі азаматтық қоғам белсенділеріне 2011-2013 жылдарға бөлінетін қаржылай жәрдем мөлшері төрт есеге – 15.6 миллион еуроға дейін ұлғайтылатынын мәлімдеді.

Варшавадағы конфереция басталардан бір күн бұрын АҚШ пен Еуропа одағы Беларусь президенті Александр Лукашенко мен сол елдің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы санкциялар енгізген.
XS
SM
MD
LG