Accessibility links

Гуантанамо түрмесінде бір тұтқын қайтыс болды


Гуантанамо аралындағы АҚШ әскери-теңіз базасындағы түрмеде қамауда отырғандардың бірі – 48 жастағы Авал Гүл бейсенбінің кешінде кенеттен қайтыс болғанын АҚШ әскери басшылығы хабарлаған.

Гуантанамодағы түрмеде 2002 жылдан бері қамауда отырған Авал Гүлге ауған тәлібтерімен және "Әл-Қаида" террорлық ұйымымен байланыста болған деген айыптар тағылған.

2002 жылдың қаңтарынан бері Гуантанамо түрмесінде осымен жеті тұтқын көз жұмды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG