Accessibility links

«Азат» партиясының президенттікке кандидаты - Болат Әбілов


«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 3 сәуірде өтетін кезектен тыс сайлауда Болат Әбіловті президенттікке кандидат ретінде ұсынады деп хабарлады Азаттық радиосына Болат Әбіловтің өзі.

«Бүгін партиямыздың президиумы өтті. Онда сайлауға қатысу туралы шешім қабылдап, шамамен 11 ақпанда өтетін партия съезінде Болат Әбіловтің кандидатурасын ұсыну туралы мәмілеге келді», - деп мәлімдеді Болат Әбілов Азаттық радиосы тілшісіне.

Болат Әбіловтің айтуынша, президиум «Азат» ЖСДП кандидатына қолдау көрсету үшін басқа партиялармен, қоғамдық ұйымдармен келіссөз жүргізуді де құп көрген. Бұған дейін Қазақстанның коммунистік партиясы мен «Алға» оппозициялық партиясы оппозицияның атынан ортақ кандидат ұсынуды айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG