Accessibility links

Жасарал Қуанышәлин президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынды


«Жаса, Азаттық!» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жасарал Қуанышәлин Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауында өз кандидатурасын ұсынады. Бұл туралы Азаттық радиосына Жасарал Қуанышәлиннің өзі хабарлады.

Бірақ оппозициялық саясаткер өзінің тіркеле алатынына күмән келтірді. Жасарал Қуанышәлиннің айтуынша, президент сайлауына кандидат болатынын мәлімдеген соң оған қарсы екі қылмыстық іс қозғалған. Өзін негізсіз түрде айыпты деп таныса да, президенттікке кандидат ретінде тіркеле алмайтынын айтады саясаткер.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 3 сәуірде өтеді.
XS
SM
MD
LG