Accessibility links

Египеттің қорғаныс министрі Каирдегі Тахрир алаңына барды


Египеттің қорғаныс министрі Хусейн Тантауи жұма күні Каирдегі Тахрир алаңына барды. Ол жерде президент Хосни Мүбәрәктің кетуін талап етіп, тағы да мыңдаған адам жиналып тұр. Наразылық білдірушілер жұма намазынан кейін үлкен шеру өткізуге үндейді.

Тахрир алаңында соңғы екі күн бойы Мүбәрәкті жақтаушылар мен оған қарсы халықтың арасында қантөгіс болды. Бейсенбі күні Америка теледидарына сұхбат берген Мүбәрәк "дәл қазір биліктен өзінің бас тартуы елді бассыздыққа ұрындыратынын" айтып, қызметтен дереу кетпейтінін мәлімдеді.

Хосни Мүбәрәк қыркүйекте президенттік мерзімі біткен соң қайта сайлауға түспейтінін мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG