Accessibility links

Президенттік сайлауда электрондық дауыс беру әдісі қолданылмайды


3 сәуір күні өтетін Қазақстан президенті сайлауында электрондық дауыс беру әдісі қолданылмайды деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Оның айтуынша, дәл қазір электрондық сайлау әдісін жұртшылық пен сайлауға қатысушылардың бәрі мойындады деуге болмайды. Өткен сайлаулар қорытындысы бойынша, сайлаушылардың көбі үйреншікті қағаз сайлау бюллетеньдерін қолданған.

Қуандық Тұрғанқұлов кейбір саяси партиялар мен халықаралық сарапшылардың да электрондық сайлауға сақтана қарайтыны сайлау комиссиясына мәлім дегенді айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG