Accessibility links

Полиция қызметкері журналистің бейнетаспасын тартып алды


«Әл-Жазира» телекомпанииясының тілшісі Симон Островский Азаттық радиосына хабарласып, босқын өзбек мұсылмандарын түсірген бейнетаспасын Алматылық полиция қызметкерлерінің тартып алғанын айтты. Ақпанның 3-і күні «Әл-Жазираның» Лондондағы офисінен келген тілші Симон Островский телеоператоры екеуі өзбек мұсылман босқындарының жұбайлары Гульнор Кодирова мен Умида Азимова жайлы хабар түсіріп жүрген. Өзбек босқындарының әйелдері ІІМ қылмыстық-түзеу комитетінің № 1 изоляторында жатқан ерлеріне керек заттарын апарған еді.

- Осы сәтте полицейлер бейнекамераға түсіруге тыйым салып, мені тергеу изоляторына ертіп келіп, түсініктеме жаздыртты, - дейді «Әл-Жазира» телекомпаниясының тілшісі. Гульнор Кодирова мен Умида Азимованы да тергеу изоляторына алып келіп тінткен. «Әл-Жазира» тілшісі мен әйелдердің айтуынша, полицейлер бейнетаспаны алып қалып, оның ақысына екі әйелді босатқан.

Бүгін, ақпанның 4-і күні тергеу изоляторының басшылары «Әл-Жазираның» тілшісін әңгімелесуге шақырды. Өзін «аға лейтенант Әлихан Аққазиновпын» деп таныстырған мекеме қызметкері «қолы тимейтінін айтып», бейнетаспаны не үшін алғандарын Азаттық радиосына түсіндіруден бас тартты.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG