Accessibility links

Каирде біздің радионың екі тілшісін қамауға алды


Каирде Азат Еуропа/Азаттық радиосының екі тілшісін қамауға алды. Британ азаматтары Роберт Тайт пен Абделила Нуайми Египет астанасына ұшып келе сала қамалған.

Телефон арқылы хабарласқан журналистер өздерін Әл-Ажар ауданындағы полиция бөлімшесінде ұстап отырғандарын айтты.

Радиостанция басшылығы Египет билігін тілшілерді тез арада босатуға шақырды.

Египет премьер-министрі Ахмед Шафик бұдан бұрын әскерилерге бұйрық беріп, шетелдік журналистерге көмектесуге, оларды шабуылдан қорғауға міндеттеген.

Бейсенбі күні Каирдің орталығында Reuters агенттігінің қызметкері мен CNN телекомпаниясының тілшілерін соққыға жығып, грек журналисін пышақтап кетті.

Бірнеше америкалық журналист те біразға дейін қамауда болды.

АҚШ және басқа елдер Египеттегі билікке қарсы толқуды жариялап жатқан шетелдік журналистерді қорқытып-үркіткен әрекетті айыптады.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG