Accessibility links

Белградта үкіметке қарсы шеру өтеді


Сербияның ең ірі оппозициялық партиясы бүгін үкіметке қарсы шеру ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл - Сербия прогресшіл партиясының соңғы жылдардағы алғашқы наразылық шарасы болмақ. Аталмыш партияның қолдаушылары Белградтағы парламент ғимараты алдында жиналып, кезектен тыс сайлау өткізуді талап етпекші.

Сербия 2009 жылғы рецессияның салдарымен күресіп жатыр. Өткен айда көптеген мектептің мұғалімдері шеру өткізді. Осы аптада оларға тәуелсіз полиция одағы да қосылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG