Accessibility links

Солтүстік Кавказда 3 полицей оққа ұшты


Билік орындарының хабарлауынша, Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағында қарулы адамдар үш полиция қызметкерін атып өлтірген.

Аймақтық ішкі істер министрлігі баспасөз хатшысының айтуынша, Карачаево-Черкессияда бір тұтқынды алып бара жатқан полицияның көлігіне жұма күні шабуыл жасалған. Белгісіз қарулы адамдар тұтқынды азат етіп, онымен бірге оқиға орнынан қашып кеткен.
XS
SM
MD
LG