Accessibility links

Клинтон Араб әлеміндегі өзгерісті "стратегиялық мұқтаждық" деп атады


Сенбі күні Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында бірқатар батыс елдерінің жетекшілері Египет үкіметін наразылық танытушылардың реформалар жөніндегі талабына құлақ асуға шақырды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдеуінше, Араб мемлекеттеріндегі өзгеріс бұл елдерді күшейтіп, өркендететін "стратегиялық мұқтаждық" болып табылады.

Британия премьер-министрі Дэвид Кэмерон Египеттегі өзгерісті ұзаққа созбауға шақырды. Германия канцлері Ангела Меркель Египеттегі өзгерістер бейбіт жағдайда жүзеге асуы тиіс деп атап көрсетті.

Египеттегі дағдарыс Мюнхендегі ғаламдық қауіпсіздік конференциясында басты тақырыпқа айналып отыр. Жұма күні басталған конференцияда НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Араб әлеміндегі толқулар ғаламдық тәртіпті тұрақсыздандыруы мүмкін деп ескертті.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG