Accessibility links

Египет билігіндегі партияның атқару комитеті тарады


Египет билігіндегі Ұлттық демократиялық партияның атқару комитеті тарады. Бұл елде үкіметке қарсы жаппай шерулер жалғасып жатыр.

Президент Хосни Мүбәрәктің екі негізгі одақтасы, оның ішінде президенттің ұлы Гамал Мүбәрәк қызметінен айырылды.

Мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, реформашыл саясаткер әрі танымал дәрігер Хоссам Бадрауи Ұлттық демократиялық партияның бас хатшысы болып, партияның саяси бюросын басқарады. Бұл туралы президент Мүбәрәктің экономикалық командасымен кездесуінен кейін мәлім болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG