Accessibility links

Обама жетекші елдер басшыларын Египет мәселесін талқылауға шақырды


АҚШ президенті Барак Обама Германия, Британия және Біріккен Араб Әмірліктері елдерінің жетекшілерін саяси дағдарысы 13-ші күнге жалғасқан Египеттегі жағдайды талқылауға шақырды.

Ақ үйден хабарланғандай, Обама Египеттегі биліктің бейбіт ауысуының маңыздылығына тоқталады. АҚШ президенті Египет халқының тілегіне жауап беретін үкімет пен оппозициялық күштер арасында келіссөздер басталуы керек деді.

Барак Обама сондай-ақ Египеттегі шерулерде журналистер мен адам құқын қорғаушылардың нысанаға алынып жатқанына алаңдаулы екенін танытып, өз адамдарын қорғау мен әділетсіз қамалғандарды босату - Египет үкіметінің жауапкершілігі екенін қайталады.

Бұл тұста сенбі күні АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Дик Ченей Мүбәрәкты "жақсы дос әрі одақтас" ретінде атады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG