Accessibility links

Ауғанстаннан НАТО-ның кетуі Ресейге қауіп төндіруі мүмкін


Ресейдің вице-премьері Сергей Иванов Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында, Ауғанстаннан НАТО жасақтарының шығарылуы Ресейге қауіп төндіруі мүмкін деген.

Иванов әсіресе Орталық Азия елдерімен шекаралас Ауғанстанның солтүстігіндегі жағдайға алаңдаушылық танытты.

Ол сондай-ақ Ауғанстандағы қазіргі жағдайдың өте қиын екенін айта келе, онда туннелдің екінші шетінен жарық сәулесі әлі көрінбейді деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG