Accessibility links

Тунисте полиция басшысы тобырға оқ атып, 2 адамды өлтірді


Тунистің ақпарат агенттігі хабарлағандай, елдің солтүстік-батысындағы әл-Кеф қаласының полиция басшысы ашулы халыққа қарай оқ атып, екі адамның өмірін қиды. Тағы 17 кісі жараланды.

Жергілікті билік өкілдері ол полиция басшысының сенбі күні кешкісін қамауға алынғанын айтып, халықты тынышталуға шақырды.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, полиция басшысының оқ атуынан кейін мыңға жуық адам полиция бекетіне келіп, тас лақтырған. Жиналған тобыр екі көлікті өрттеп жіберген.

Тунисте елді ұзақ жыл басқарған президент Зин әл Әбидин бен Алиді биліктен кетірген шерулерден бері жағдай тұрақталмай отыр.
XS
SM
MD
LG