Accessibility links

Суданның оңтүстігінде қақтығыстан 30 адам қаза тапты


Суданның оңтүстігіндегі Жоғарғы Ніл штатында өткен жұма және сенбі күндері ұлттық армия қызметкерлері арасында болған қарулы қақтығыстарда отыз сарбаз көз жұмды.

Әскери бөлімше қызметкерлері солтүстіктегі жаңа орынға қоныс аударудан бас тартып, жанжалдың соңы атысқа ұласқан.

Бейсенбі күні Малакаль қаласында да осындай атыс салдарынан 20 адам мерт болды. Көз жұмғандардың арасында 2 бала бар.

Бұл оқиғалар Суданда жақында өткен референдумның ресми нәтижесі жарияланар қарсаңда болып отыр. Алдын-ала есеп бойынша, референдумға қатысқандардың 90 пайыздан астамы елдің оңтүстік бөлігінің тәуелсіздік алғанын қолдап дауыс берген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG