Accessibility links

Египет оппозициясы биліктің ұсынысына қанағаттанбай отыр


Египттегі оппозициялық қозғалыстар өкілдері елді саяси тығырықтан шығарудың билік ұсынған жолын «жеткіліксіз» деп санайды.

Қызметіне ресми тыйым салынған «Мұсылман бауырлар» мен басқа да партиялардың өкілдері жексенбі күні Египет вице-президенті Омар Сулейманмен кездесіп, елде екі апта бойы шерулер өткізіп жатқан наразы халықтың президент Хосни Мүбәрәктің биліктен кетуі туралы талабын талқылады.

Билік Конституцияны реформалауды ұсынды, бұл үшін арнайы комитет құрылмақ. Бірақ оппозиция «биліктің ұсынысы айтарлықтай өзгерістер әкелмейді» деп мәлімдеді.

Ел астанасы Каир қаласында президент Мүбәрәкқа қарсы шерулер жалғасып жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG