Accessibility links

Тунисте бұрынғы билеуші партияның қызметі тоқтатылды


Тунис ішкі істер министрлігі елдің биліктен қуылған бұрынғы президенті Зин әл-Әбидин Бен Әли басқарған партияның саяси қызметі уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

Бұған дейін Тунис әділет министрі экс-президент Зин әл-Әбидин Бен Әлиді қамауға алу жөніндегі ордер беріліп, Интерполдан Бен Әли мен оның отбасы мүшелерін тұтқындауға көмек сұрағанын мәлімдеген еді. Тунистің уақытша билігі Бен Әли мен оның отбасына «ұрлық жасады және заңсыз шетел валютасын аударды» деген айып тағып отыр.

Тунисті 23 жыл басқарған Бен Әли елдегі жаппай наразылық шарасынан кейін қаңтардың 14-інде Сауд Арабиясына қашып кеткен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG