Accessibility links

Президенттік сайлауға түсуге екі адам өтініш берді


Қазақстанда сәуірдің 3-інде өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатысқысы келетін екі азаматтан Орталық сайлау комиссиясына өтініш түскені туралы КазТАГ агенттігі хабарлады.

«Сәлім Сағындықұлы Өтен мен Уәлихан Әбішұлы Қайсар өздерін-өздері ұсынатын кандидаттар ретінде өтініштерін тапсырды», – дейді дүйсенбі күні ОСК баспасөз хатшысы Григорий Кулеш. Оның айтуынша, екі кандидат та өз құжаттарын ақпанның 5-і күні тапсырған.

59 жастағы Сәлім Өтен мен 45 жастағы Уәлихан Қайсар осыған дейін – 2005 жылы да президенттікке өздерін-өздері ұсынып, өтініш берген болатын.

Бірақ ол жолы Орталық сайлау комиссиясы екеуін де түрлі себептермен тіркемей қойған еді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG