Accessibility links

Жапон премьер-министрі Ресейге қарсы шеруге қатысты


Бүгін Токиода «Солтүстіктегі аймақтар күнін» атап өту үшін мың жарымға жуық адам жиналған шеруге Жапония премьер-министрі Наото Кан да қатысты.

Жиналғандар Ресейден Оңтүстік Куриль аралдарындағы Жапонияныкі деп санайтын даулы аймақты қайтаруды талап етіп, жақында сол жерге Ресей үкіметі өкілдерінің барғанына байланысты наразылық білдірген.

Бүгін жапондық әсіреоңшыл ұйымдарының бірінің өкілдері Токиодағы орыс елшілігі маңында Ресейдің туын аяққа басып, сүйреткені хабарланды.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG