Accessibility links

Қазақстан компартиясы кезектен тыс президент сайлауына бойкот жариялауы мүмкін


Қазақстан коммунистік партиясы кезектен тыс президент сайлауына бойкот жариялауы мүмкін. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне Компартияның бірінші хатшысы Ғазиз Алдамжаров мәлімдеген.

Оның айтуынша, бұл мәселе жақын күндері өткелі отырған компартия жиынында талқыланып, тиісті шешім қабылданады.

Бұған дейін Ғазиз Алдамжаров парламент қабылдаған заң өзгерістері оппозициялық партиялардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуына және сайлаудың барысына бақылау жасауына мүмкіндік бермейтінін айтқан.

Қазақстанда сәуірдің 3-інде кезектен тыс президент сайлауы өткізіледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG