Accessibility links

Нидерланд Ирандағы елшісін шақырып алды


Гаага Тегеранның қос азаматығы бар (Нидерланд мен Иран азаматы) әйелді жазалауына байланысты осы елдегі елшісін кеңесу үшін шақырып алды.

Нидерланд сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, елші Гаагаға бейсенбі күні келеді. Үкімнің орындалуына байланысты осы елдегі Иран елшісі сыртқы істер министрлігіне шақырылмақ.

Өткен айда есірткі тасыды деген айыппен 45 жастағы Захра Бахрами дарға асылған соң Гаага Тегеранмен арадағы дипломатиялық қатым-қатынасты тоқтатқан болатын.

Жазаға тартылған адамның туыстарының айтуынша, бұл іс ойдан шығарылған, жазаның себебі - Бахрамидің 2009 жылы үкіметке қарсы әрекетке қатысқаны.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG