Accessibility links

«Азат» ЖСДП билікті әділ және еркін сайлау өткізуге шақырды


«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы дүйсенбі күні таратқан мәлімдемесінде Қазақстан президентінің 3 сәуірге белгіленген кезектен тыс сайлауы оппозицияның дайындалуына, қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсылас болуына жеткілікті мерзім емес деді.

«Азат» ЖСДП билікті елдегі тұңғыш рет әділ де жария сайлау өткізуге шақырды. Ол үшін әуелі сайлау, БАҚ, саяси партиялар және қоғамдық жиын өткізу туралы заңдарға өзгеріс, толықтыру, түзету енгізу керек деген ұсыныс айтады аталмыш партия.

Бұған дейін партия өкілдері «Азат» ЖСДП атынан президенттікке кандидат ретінде Болат Әбілов ұсынылатынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG