Accessibility links

Азиадаға 1,65 миллиард доллар жұмсалған


Жетінші Қысқы Азия ойындарын өткізудің жалпы құны 1,65 миллиард доллар болды деп мәлімдеді туризм және спорт министрінің орынбасары Талғат Ермегияев дүйсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Азиада нысандары мен инфрақұрылымдарын салуға 1,4 миллиард доллар жұмсалған.

Ұйымдастыруға 240 миллион доллар кеткен. Оның 35 миллион доллары ойынның ашылу салтанатына, 7 миллион доллары жабылу салтанатына бөлінген. Ұйымдастыруға арналған қаржының көбі Азия елдеріне тікелей хабар таратуға жұмсалды дейді вице-министр.

Талғат Ермегияев Қазақстанның 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізуге де үміткер болуы мүмкін екенін еске салды.
XS
SM
MD
LG