Accessibility links

Қырғызстанда сотқа тартылған адамды босатуды талап еткен шеру өтті


Қырғызстанда Баткен облысы Қадамжай ауданы әкімшілігі алдында екі жүздей адам шеруге шықты. Олар елдің оңтүстігіндегі 2010 жылғы маусым оқиғасы кезінде ұлтаралық наразылық туғызды деген айыппен сотқа тартылған, Коммунистер партиясының бұрынғы жетекшісі Исхак Масалиевті босатуды талап етті.

Масалиев өткен жылы желтоқсанда бұрынғы президент әкімшілігінің басшысы Үсен Сыдыковпен бірге қамалған еді. Тергеушілер 2010 жылы 12-13 мамыр кезінде Жалалабад пен Оштағы әкімшілік ғимараттарын басып алған Құрманбек Бакиевтің жақтастарын осы екі адам ұйымдастырды дегенді айтады. Олар өздерін кінәлі деп санамайды.

Бүгін шеруге шыққандар Масалиевті босатпаса, Бішкекке дейін шеру тартып баратындарын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG