Accessibility links

Әнші Роза Бағланова дүниеден өтті


Бүгін түнде Алматыда 89 жасында белгілі қазақ әншісі Роза Бағланова дүние салды. Суыт хабарды сейсенбі күні Азаттық радиосына «Қазақконцерт» мекемесінің өкілі Гүлнұр Қабдығалиева растады.

1922 жылы қаңтардың 1-і қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген Роза Бағланова совет заманында әншілік өнерімен дүйім жұртқа танылды. Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында, Жамбыл атындағы филармонияда, «Қазақконцерт» мекемесінде еңбек етті.

ССРО, Қазақстан және Қырғызстанның халық әртісі атағын иемденген әнші совет үкіметінің, кейіннен тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің көптеген орден-медальдарымен марапатталған.

Марқұммен қоштасу ақпанның 10-ы таңертеңгі сағат 10-да Алматыдағы опера және балет театрында өтеді.
XS
SM
MD
LG