Accessibility links

Жасарал Қуанышәлин: Саяси партиялар сайлауға бойкот жарияласа, мен де қосыламын


Қазақстандық оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлин бүгін Азаттық радиосына егер кезектен тыс президент сайлауына елдегі саяси партиялардың қайсыбірі бойкот жариялайтын болса оларға өзінің қосылатынын мәлімдеді.

«Жаса, Азаттық!» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жасарал Қуанышәлин былтыр күзде Қазақстандағы келесі өтетін кезекті президент сайлауына үміткер ретінде қатысатынын мәлімдеген еді.

Қазір Алматының Медеу аудандық сотында Қуанышәлинге қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Шағым иесі Сейіткерім Қожаназаров саясаткердің 2006 жылы тамыздың 8-інде «Эпоха» газетінде президент Назарбаевты сынап берген сұқбатында айтылған төрт сөйлем өзінің ар-намысына тигенін айтып сотқа жүгініп отыр.

Қазақстанда президент Назарбаевтың жарлығымен биыл сәуірдің 3-інде кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG