Accessibility links

Қазақстан АҚШ-пен әскери ынтымақтастығын арттырмақ


"Қазақстан АҚШ-пен әскери ынтымақтастығын арттырады" деп мәлімдеді Қазақстанның қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков сейсенбі күні АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвеймен кездескенде.

"Тараптар 2011 жылы 110-нан астам біріккен әскери шара өткізіп, АҚШ армиясының әр саладағы тәжірибесін үйренеді" деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі министрге сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу кезінде екі ел арасындағы бес жылдық жоспарға сәйкес кадр дайындау, әскери білім жүйесін дамыту жөніндегі мәселелер талқыланған.
XS
SM
MD
LG