Accessibility links

Қырғызстанда құқық қорғаушының шағымын тыңдау кейінге қалды


Қырғызстанның оңтүстігінде өткен жылы маусымда болған этникалық қақтығыс кезінде қаза тапқан полиция қызметкерінің ісіне байланысты шағымдарды тыңдау бастала бере доғарылды. Ол оқиғаға қырғыз құқық қорғаушысы Әзімжан Асқаровты айыптаған еді. Сот Асқаровтың адвокатының өтінішіне байланысты тоқтатылды. Адвокат сотталушының түрмедегі жағдайы туралы тексеру қорытындысы шыққанын күтуді өтінді.

Жоғарғы сот құқық қорғаушы мен жеті сотталушының шағымдарын қарап жатыр. Сотталғандардың бәрі - этникалық өзбектер. Оның бесеуіне (араларында Әзімжан Асқаров та бар) өмір бойы түрмеде отыру жазасы кесілген. Соттың бұл шешімін Қырғызстандағы және шетелдегі құқық қорғау ұйымдары сынаған болатын.

Бішкектегі АҚШ елшілігі өткен айда шағымдарды тыңдаудың әділ өтіп жатқанына алаңдаушылық білдірді.
XS
SM
MD
LG